Салт атты турлар туралы ақпарат

Арақашықтық:

10 шақырымнан бастап

1000 шақырымға дейін

Маршруттар:

Нұр-Сұлтан қаласы

Бұйратау ұлттық мемлекет табиғи саябағы

Ақкөл қаласы

Турдың бағасы:

WhatsApp: +7-775-424-3264 (Жамиля)

Instagram: at_travel.kz

info@at-travel.kz

Салт аттылар турлары жайында

АT.TRAVEL.KZ салт аттылар клубы әр түрлі бағытта қиындықтарына байланысты маршруттар арақашықтықтарына орай салт аттылар турын ұйымдастырады. Бұйратау ұлттық табиғи мемлекеттік саябағы аумағында ауа-райының жылы мезгілінде салт атты саяхат ұйымдастырылып келеді. Қысқы мезгілде Нұр-Сұлтан қаласының маңында салт атты саяхаттар мен серуендер ұйымдастырылады.Клуб сонымен қатар тәжірибелі салт аттылар үшін (500-1000) шақырымдық маршруттар және жаңадан атқа мінушілерге арналған (10-30) шақырымдық серуендер ұйымдастыруда.

Салт атты турлар бойынша толық ақпаратты білу үшін көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып анықтауға болады.

Ерекше ескертіп өтетініміз салт атты турлар экстремалды туризм түріне жатқандықтан салт атпен жүрген кезде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған жөн.

Турлардың түрлеріне қарай қатысушыларға дайындық бойынша, уақыты және маршрут туралы толық нұсқаулық беріледі.

Қатысушы балалар 13 жастан жоғары қатыстырылады.

Салт атпен жүруге арналған киім талаптары

• Ыңғайлы кең шалбар. Мүмкіндігінше салт атпен жүруге спортты шалбарлар.

• Сыртқы киімді әр мезгілге орай таңдалуы тиіс.

• Жаңбырда киетін арнайы плащ.

• Қысқы мезілде жылы киімдер болуы шарт.

• Аяқкиім Етік биік өкшесіз және салт атқа арналған былғары бәтеңке.

• Бас киім және қолғап жыл мезгіліне орай.